Новости

С участием преподавателей ЦМО Яыки, социальнал экономика состоялось открытие декады посвященное к 175 летию великого Абая по теме: “Абай -великая личность человечество.

 

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында,  Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, «Тараз-Болашақ» жоғары  медициналық  колледжінде  «Жасай бер  Менің Тәуелсіз Қазақстаным! атты  мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді

_______________________________________________________________________

В честь 80 летия Жамбылской области 12декабря отделом внутренней политики акимата города Тараз был айтыс  на  тему «Тәуелсіз елдің айтысы-адалдықтың жаршысы» а также облостное мероприятие молодых поэтов «Жастар жылы-Жастар жыры» В этих мероприятиях активно участвовал студент Высшего медицинского колледжа «Тараз-Болашак» 3 курса группы  ЕМС-12-17 Нурмаганбетов Елбек получил номинацию «Адалдық жаршысы» а также получил ІІІ место и был награжден грамотой и ценными призами.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың 25 қараша күні «Жамбыл облыстық «Арай» газетінің редакциясы» ЖШС ұжымы «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі ЖШС голливуд акт залында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Арай» газетінің редакторы
Колледж директоры П. А. Аскаров пен жастар ісі жөніндегі инспекторы А. Ж. Толегенованы «АРАЙ» жастар газетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады. Колледж студенттер атынан «АРАЙ» жастар газетінің қоғамдық тілшісі МБС-13-18 тобының 2 курс студенті Берекеева Динара Бауыржанқызына салтанатты түрде қызмет куәлігін тапсырды.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысы жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қыздардың өсімталдығы денсаулығын қорғау мәселелері бойынша «Әйел мейірімі әлемді тербетеді» тақырыбында «Зер-Күміс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте қыздардың өсімталдығы денсаулығына қатысты муляждармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың 20 қараша күні «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі ЖШС-ның тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен, «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» мамандықтарының 1-2 курс студенттері арасында «Күз ханзадасы мен ханшайымы» тақырыбында күзгі бал өткізілді. Күзгі балға 8 топ 4 кезең бойынша қатысып, бас жүлдені МБС-11-19 тобының ханзадасы мен ханшайымы жеңіп алса, жүлделі І- орынды ЕМС-15-19 тобы, жүлделі ІІ- орынды ЕМС-14-19 тобы, жүлделі ІІІ- орынды ЕМС-21-19 топтары иеленді. Жүлделі орын иегерлеріне колледж тарапынан диплом, алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың қараша айында, 2019-2020 оқу жылында «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі ЖШС қабылданған 1-2 курс студенттерін, халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған, студенттік билетті ұлықтау рәсімі өткізілді. Студенттік билетті ұлықтау рәсімінде, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С. Кейкиева, студенттер бөлімінің бастығы С.Т. Бегдилдаева, студенттік билетті топтарға салтанатты түрде тапсырды. Салтанатты жиын барысында колледжіміздің белсенді студенттері, «Үздік топ» , «Үздік топ басшы», «Жыл студенті» номинациялары бойынша, колледж директоры
П. А. Асқаровтан диплом, алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар таратылып, мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың 19 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «АСЫЛ АРМАН» ұлттық дәстүр мен өнерді колдау» Қоғамдық бірлестігімен » бірлесе отырып, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің 1-2 курс студенттерімен «100 жаңа есім» атты арнайы жобасының жеңімпазы Паралимпиада чемпионы, жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлемнің 12 дүркін рекордшысы Ғабидуллина Зульфия Раухатқызымен кездесу өткізілді. Кездесуде Зульфия Раухатқызы өзінің өмірбаянымен, спорттағы қызықты сәттерімен, және өмірінде кездескен қиыншылықтарымен бөлісті. Студенттер арасында сұрақ-жауап қойылып, қызықты өтті.

_______________________________________________________________________

31.10.2019ж «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумында қабылданған Үндеуді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, «Әке-асқар тау» тақырыбында облыстық байқау өткізілді. Қатысушылар 5(бес) кезең бойынша бақтарын сынады.
Облыстық байқауда әділқазылар алқасы мүшелері:
1. Жайлышева Алтынай Жайлышқызы- Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы
2. Оспанов Марат Балпықұлы-«Қазақстан Әкелер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы және Тараз қаласы. бойынша Өкілі
3. Доскулов Ораз Нуралыұлы- «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі
4. Әбілов Меңдібай Әбілұлы-Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент профессор
5. Ахатаев Әсет Бегалиевич – Нур Отан партиясының Тараз қалалық филиалының партиялық резервисті аталған іс-шараға әділ, жоғары деңгейде қазылық жасады.
Байқау қорытындысы бойынша, үздік орын иегерлері:
І- орын «Жамбыл инновациялық колледжінің 3 курс студенті Түймеханов Диас Нурбекұлы әкесі Уалиев Нурбол Қиялбекұлына
ІІ-орын «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Абай Нурлы әкесі Баймамыров Самат Абайұлына
ІІІ-орын «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенті Шермаханбет Саламат Ағаділқызы әкесі Оспанов Ағаділ Шермаханбетұлы
анықталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталса, «парасатты әке мен үлгілі қыз», «көрермен көзайымы» номинацияларын «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі» қатысушысы, «мейірімді әке мен өнерлі қыз» номинациясын «Астана» көпсалалы колледжінің қатысушыларына алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

_______________________________________________________________________

Ағымдағы жылдың 30 қазан күні қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Келіні жақсының- керегесі алтын!» атты жас келіндер байқауына «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің жас маман оқытушысы Мұрат Жанат Мұратқызы қатысып жүлделі І-орынды иеленіп, плазмалық теледидарды ұтып алды. Колледж әкімшілігі салтанатты түрде жеңісімен құттықтады.

_______________________________________________________________________

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің әлеуметтік-психологиялық орталығы «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен» бірлесе отырып, №1 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ мекемесінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында қайырымдылық іс-шара өткізілді.

____________________________________________________________________

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің әлеуметтік-психологиялық орталығының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Өмір сүру немесе темекі шегу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

_______________________________________________________________________

«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Жамбыл облысы ПД ЖПҚ ЮПБ бастығы полиция полковнигі Қ. Ж. Қалжанов және Тараз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Құдайбергенов Мұрат Тұрсынбайұлы арнайы шақыртылып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ата-аналарға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар жиналысы екі бағытта өткізілді: 1 пленарлық отырыс, 2 секциялық бағыт. Секциялық бағытта колледждің арнайы мамандары ата-аналарға сұрақтары бойынша жеке кеңестер берді.

_______________________________________________________________________

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Қыз балалар арасында инабаттылық пен тән салауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы әлеуметтік жоба аясында «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау»ҚБ 06.09.2019ж «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің акт залында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Ерте некенің ертеңі күмәнді» тақырыбында (қыздар арасында) кездесу өткізілді. Кездесу барысында қыз тәрбиесі жайлы сөз бастаған қоғамдық бірлестік басшысы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы, дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Сәрсенбаев Әділ Арманұлы, «Асыл Арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау»ҚБ психолог маманы ақын Марал Хантөреқызы, ерте тұрмыс құру мен ерте жүктіліктің себеп салдары, ата-ананың қыз бала тәрбиесіндегі рөлі жайында жан-жақты айтып өтіп, қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауап беріп отырды. Сөз соңында ақын Марал Хантөреқызы «Қазақ қызы» атты жыр шумағымен жиналған көпшілікті бір серпілтіп тастады. Кездесу соңында студенттер ыстық лебіздерін білдірді.

_______________________________________________________________________

1 қыркүйек Білім күніне орай «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» атты патриоттық тақырыпта салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиында колледж директоры П. А. Асқаров, оқытушылар мен студенттерді, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау сөзімен
бастап, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жиын соңында 1 курс студенттеріне топ жетекшілері «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді   

       

С 17 по 19 января 2019 года  прошла спартакиада среди преподавателей и сотрудников медицинского колледжа «Тараз-Болашак», организованный спортивным клубом «Жалын». В соревнованиях приняли участие 5 команд.

            Преподаватели и сотрудники колледжа приняли активное участие в этом традиционном мероприятии. В первый день соревнований десять спортсменов соревновались в спортивных играх, демонстрируя свои силы в волейболе и шекемтасе.

           Во второй день участники соревновались в баскетболе, армрестлинге, по шахматам и ​​шашкам. На трехдневных соревнованиях команда «Опмай-апмай», состоящая из учебно-методического объединения «Общие профессиональные дисциплины» была лидером среди команд. Команда «Red  stars» в составе преподавателей УМО «Естественные науки, физическая культура и спорт» заняла второе место, третье место заняла команда «Витамин» состоящая из преподавателей ЦМК «Специальные дисциплины» и работников  Медицинского центра.

           Победившие команды были награждены кубком и денежными призами. Мероприятие посвященное развитию массового спорта и здорового образа жизни будет продолжено и в будущем.