“ASK” студенттер кәсіподағы

Қазақстан Студенттер Альянсы

«Республикалық студенттер қозғалысы»

  Ұйымның миссиясы: Қазақстан Республикасының студент жастарының интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асырылуы үшін жағдай туғызу.

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» (әріқарай – ҚСА) Республикалық студенттер қозғалысының басты мақсаты – ҚСА-ның қоғамдық белгілілігін студент жастарының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шынымен шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсендік атысушы ұйым ретінде құру.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады:

  • Еліміздің студент жастарының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.
  • Студенттерде патриоттық сезімді қалыптастыру және жетілдіру.
  • Студент жастар арасында жемқорлыққа қарсы дәстүрді қалыптастыру.
  • Студент жастардың интеллектуалды әлеуеттерін жетілдіру.
  • Студенттер арасында салауатты өмірсалтын қалыптастыру.
  • Ұйымнның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру.

ҚСА ұйымды ққұрылымы серіктестік басқару құрылымының 5 деңгейінде көрсетіледі:

  • ҚСА республикалық деңгейінде ҚСА Республикалық штабы
  • ҚСА аймақтық деңгейінде ҚСА қалалық штабтары
  • ҚСА қалалық штабтары тікелей Республикалық штабқа бағынады

Қазақстан студенттерінің Альянсінің негізгі жобалары:

  1. Республикалық жазғы студенттерлагері
  2. «Жылстуденті» республикалық конкурсы
  3. «Таза сессия» операциясы
  4. «Қалай тұрасың, студент?» республикалық конкурсы
  5. «Қалай тамақтанасың, студент?» республикалық конкурсы
  6. «Қазақстан Республикасының студенттері үшін қоғамдық көліктерге жеңілдіктер» қоғамдық мониторингі

 

 

 

Ұстаздар мерекесі

Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Ұстаздарды жылына бір болатын мерекелерімен құттықтау әр бір адамның өте маңызды міндеті. Өйткені үлкен басшыларда, атақты жұлдыздарда,қарапайым жұмысшыда ұстаздың тәрбиесін алған.

Қымбатты да, қадірлі  ұстаздар қауымы осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті  атқарып жүргендеріңізге көп рахмет айтамыз. Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге  дайындап қажетті кеңестермен сусындатады. Осы мерекеге орай «Тараз-Болашақ»медициналық колледжінің Альянс белсенді студенттері Ұлағатты ұстаздарға алғыс айту мерекесімен құтықтап өз лебіздерін білдірді

  

 

 

 

«Қазақстан студенттерінің Альянсы»Республикалық студенттер қозғалысының  ұйымдастыруымен «Н.Ә.Назарбаев феномені-Саяси ұстанымы мен бастамалары» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясы Шымкент қаласында өткізілді, бұл ауқымды іс- шараға «Тараз-Болашақ»медициналық колледжінен Альянс белсенділері қатысып сертификатпен оралды.

 

 

 

   Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, аламгершілікті және әділді қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары.

    Балаларды қорғау күні – барлық әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару мақсаты болатын, Үнемі әртүрлі іс-шаралар өткізуімен атап өтіледі бірақ осы жылы «Тараз-Болашақ»медициналық колледжінің Альянс белсенділері балаларды құтықтап балалар үйіне барып шаттық сыйлап қайттық.

 

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген  қарттарымыздың  орны ерекше, олай болса. Әр халықтың бойында оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Біз өз қарттарымызды ардақтай білуіміз керек. Сол мақсатпен «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің» белсенділері  қарттарымызға қол ұшын беріп қайтты.