Жатақхана

   «Тараз-Болашақ» медициналық коллджінден  72 орынға арналған студенттік жатақхана оқу корпусының жанындағы екі қабатты ғимараттың 2 – қабатында орналасқан. 2017 жылы жатақхана күрделі жөндеуден өткізілді. Студенттерге барлық жағдайлар жасалынған. Бөлмелер заманауи жиһаздармен жабдықталған. ас дайындайтын бөлме, Демалыс бөлмесінде теледидар, жұмсақ жиһазбен жабдықталған демалу бұрышы, компьютер, кітаптар қорымен жабдықталған. Сондай ақ «Аристон» су жылытқыш қондырғылары орнатылған, заманауи автоматтандырған кір жуғыш машиналар, кір жуатын және кір кептіретін бөлмелер жұмыс істейді. Жатақхана ауласында футьбол, тренажор залы, баскетбол ойнайтын спорт алаңы орналасқан.