Орта буынды медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру орталығы

МЕДИЦИНАЛЫҚ  МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ  ҮЗДІКСІЗ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

«Тараз – Болашақ» медициналық колледжі» ЖШС 2015 жылғы 17 шілдедегі білім беру қызметін жүргізу құқығындағы Жарғысына және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2010 жылғы 26 қарашадағы № 0048235 мемлекеттік лицензиясына орай,  колледж құрамында  жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірген медициналық мамандықтарының үздіксіз біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы қызмет атқарады.

Орталықта, сонымен қатар симуляциялық дағдылар бойынша практикалық  дәріс  алуға  болады.

Симуляциялық орталық жаңа заманауи құрал – жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Дәріс беретін оқытушылардың құрамында медицина ғылымдарының докторлары және кандидаттары, жоғары және бірінші санаттағы жалпы практика дәрігерлері бар.

Атап айтқанда Сейтхан Жошибаев, Бейсенбай Тулебеков, Сағындық Ордабеков, Толенбек Саурбаев, Ораз Доскулов, Сейтқасым Тажбенов, Мария Тұнғышбекова,  Даулет Ахметжанов  т.б.

Келіп  білімін  жетілдірем  деген  медицина қызметкерлеріне  барлық жағдай  жасалынған, компьютер залы, библиотека, асхана  және  жатақханасы бар.

Мекен жайы: Тараз қаласы, Пушкин көшесі, № 57 үй.  Кабинет № 3.

Тел. 8(7262) 51-09-91; 45-26- 50.   E- mail:  bolashak _ ms@mail.ru