Студенттер бөлімі

Бегдилдаева Салтанат Танатаровна

Студенттер бөлімінің басшысы

Несипбаева Баян Ниязалиевна

Студенттер бөлімінің маманы

Студенттер бөлімі білім алушылардың іс қағаздарымен айналысатын колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттер бөлімінде студенттер бөлім басшысы және студенттер бөлімінің маманы жұмыс жасайды.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері: 

  • Қабылдау комиссиясынан бірінші курсқа түскен студенттердің іс-құжаттарын бұйрықтарына сәйкес қабылдап алу және тексеру: 
  • Студенттің жеке құрамы бойынша бұйрықтарды дайындау /іс-тәжірибеге жіберу, курстан курсқа студенттердің көшуі, оқудан шығуы(академиялық демалыс) туралы, қайта қабылдау/ және бұйрықтың көшірмесін рәсімдеу;
  • Бұйрықтардың көшірмелерін бухгалтерияға, бөлімдерге беру; 
  • Басқа жоғарғы оқу орнына ауысқан студенттердің жеке іс қағаздарын дайындау (сұраныс бойынша)және оларды жіберу;
  • Басқа жоғары оқу орнынан ауысу туралы берілген өтініш негізінде студенттердің іс-құжатын алуға сұраныс хат тағайындау және жіберу; 
  • Статистика басқармасы үшін 2-НК есебін дайындау.
  • Барлық деңгейдегі департаменттердің әр түрлі ұйымдары үшін (сұранымдарына сәйкес) студенттердің дипломдарын растау, оқып жүрген студенттер туралы деректер беру бойынша сұранымдарға жауаптар дайындау;
  • Кіріс және шығыс хаттарымен (ҚР білім және ғылым министрлігі, оқығаны және диплом алғанын растау туралы сұраныстар т.б) жұмыс жасау; 
    бланкілік өнімдерге (студенттік билеттер, сынақ кітапшалары, диплом бланктеріне, академиялық анықтама бланктеріне) сұраныс беру.
  • Студенттердің жеке іс-құжаттарын толтырып мұрағатқа өткізу. 
  • Студенттердің тіркелуі және контингент қозғалысы бойынша алфавиттік кітапты толтыру;
  • Дипломдар мен академиялық анықтамалар бланкілерін беру және журналын жүргізу;
  • Өтініштерге сәйкес бітірушілердің дипломдарын, сондай-ақ дубликаттарын рәсімдеу және беру;
  • Студенттік билет және сынақ кітапшасын беру;
  • Студенттердің жеке іс қағаздарын контингенттің жылжуы бойынша бұйрықтарға сәйкес қабылдау, рәсімдеу, және жүргізу;