Колледж туралы

«Тараз-Болашақ» медициналық колледжі ЖШС кәсіптік-техникалық білім беруді жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие жеке меншік оқу орны болып табылады.

            «Болашақ» колледжі кәсіби және гуманитарлық мамандық бойынша өз жұмысын 2004 жылы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 353 бұйрығымен бастады.

            Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Болашақ» гуманитарлық кәсіптік колледжіне 19.04.2010 жылы № 239 бұйрығымен келесі мамандықтар бойынша АБ № 0048235 сериялы мемлекеттік лицензия берілді:

0301000 – Емдеу ісі

0302000 – Мейіргер ісі

0303000 – Гигиена және эпидемиология

            26.11.2010 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының № 832 бұйрығымен «Болашақ» кәсіби-гуманитарлық колледжінің атауы «Тараз «Болашақ» колледжі болып өзгертілді, сондай-ақ, мамандықтар атауы, шифрлау өзгертіліп, мемлекеттік лицензия мен қосымша қоса өзгерді .

            2013 жылдың 25 шілдесінен бастап Жамбыл облысы білім беру жүйесінің бақылау департаментінің №390 бұйрығына сәйкес 0305000 – «Зертханалық диагностика» мамандығы берілді. 2017 жылдың 11 қазанында колледж атауы «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі ЖШС болып өзгертілді.      

            Колледждің мекен-жайы: Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 57, телефон: 8 (727) 2 43-16-58, веб-сайт: www.tarazbolashak.kz, электронды пошта: col_bolashak@mail.ru.

             Меншік нысаны – жеке меншік. Негізгі қызмет – білім беру.

            «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің директоры Аскаров Пернебай Абдутұлы – миссия мен стратегияны жүзеге асыруда көшбасшы, қызметкерлерді қолдау және қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді.            Колледждің таңдаулы стратегиясы мен саясатының логикалық нәтижесі Қазақстан Республикасының медициналық колледждері арасында өзінің деңгейін көтеру және нығайту болып табылады.

            Ашық әлеуметтік-экономикалық жүйе болып табылатын колледж динамикалық ортада жұмыс істейді. Оның аман қалуы, тиімді нәтиже тек ішкі интеграция және процестерді үйлестіру, бір жағынан колледжді ұтымды басқару, екінші жағынан сыртқы орта талаптарына бейімделу жағдайында ғана мүмкін болады.

            Шешімді әзірлеу және қабылдау құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қызметіндегі басты үдеріс болып табылады, ол басқарушылық үдерістің әрі қарайғы бағытын анықтайды, әсіресе басқарушылық қызметтің қорытынды нәтижесі мен  колледждің жағдайы болып табылады.

            Стратегиялық жоспарлау үрдісі болашақ дамудың болашақ келешегіне және сыртқы ортаға әсер етуіне байланысты ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті сыртқы ортадағы өзгерістерге жауап беру үшін жеткілікті көлемде инновациялар мен ұйымдастырушылық өзгерістерді қамтамасыз ету.       

            «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінде стратегиялық шешімдерді менеджменттің желілік-функционалдық құрылымында екінші деңгейдегі менеджерлер болып табылатын түрлі құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдайды. Жетекшілердің басты міндеті – стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі жоғары нәтижеге жету мақсатында функционалдық қызметтердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

            Колледж келесі бес жылға арналған стратегияны жүзеге асыруда еңбек нарығында талап етілетін білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға, практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыруға, колледждің ішкі ортасын нығайту жолымен өзінің нарық жағдайын нығайтуға ұмтылады.    

            Қазақстандық білім беруді, соның ішінде медициналық білім беру жүйесін жаңғырту бағдарламасы студенттермен жұмыс істеудің мазмұнын, әдістері мен формаларын жаңарту мәселесін көтереді. Болашақ маманның негізгі құзыреттерін қалыптастыру міндеті білім беру процесінің ұйымдастырылуына, мазмұны мен технологиясына жаңа көзқарас туғызады.