Нұсқамасы

 «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі студенттерінің

 АНЫҚТАМА – НҰСҚАМАСЫ

«ТАРАЗ-БОЛАШАҚ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

<<СТУДЕНТТЕРГЕ НҰСҚАУЛЫҚ>>

 

Анықтама-нұсқамада оқудың жалпы ережелері, техникалық және кәсіби оқытудың оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны мен әдістері, колледждің құрылымдық бөлімшелері туралы ақпарат, сонымен қатар студенттерге қойылатын жалпы талаптарды, олардың құқықтары мен міндеттері баяндалған.

Нұсқаулық 1 курс студенттеріне басшылық негізінде берілген және мамандықтар тізімі, қоғамдық көлік маршруттарының нөмірлері көрсетілген колледждің орналасу картасы, үзіліс кестесі, дәрісхана және кабинеттер мен оқу корпустарының сызбасы, әкімшілік құрамы және әрқайсысының отыратын кабинеті туралы мәлімет, колледждің банк реквизиттері, сонымен қатар әрқайсысы орындауға міндетті колледждің ішкі тәртіп ережесі көрсетілген колледж туралы жалпы мәліметтер көрсетіледі.

Сонымен қатар, студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар береді. Бұл анықтамалық студенттердің адаптациялық кезеңдерінде және оқу үрдісін жоспарлаудағы бағдарлау негізінде топ жетекшілеріне көмек ретінде пайдалы.

МАЗМҰНЫ: 

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні
  • Колледж директорының алғы сөзі
  • Колледж Миссиясы
  • Колледж құрылымы
  • Оқу орнының әкімшілігі туралы мәлімет
  • Академиялық демалыс беру тәртібі
  • Оқу ақысын төлеу тәртібі
  • Студенттер бөлмесі
  • Студентінің сырт бейне стандарты
  • Колледж студенттерінің ата-аналарының міндеттері мен жауапкершіліктері
  • Оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру
  • Ауысу, қайта қабылдау тәртібі
  • Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыру
  • Психологиялық қызмет
  • Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері
  • Медициналық пунктің жұмыс тәртібі 
  • Біздің студенттік өміріміз
  • «Тараз-Болашақ» медициналық колледждінің Гимні

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Сөзін жазғандар: – Нұрсұлтан Назарбаев

                                    Жұмекен Нәжімеденов,

   Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГИМН

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫНЫҢ АЛҒЫ СӨЗІ

 

Құрметті студенттер!

        Барлық өркениетті елдерде медициналық қызметкерлер жан-жақты үздіксіз сапалы дамудың негізінде денсаулық сақтау саласында маңызды тұлғаға айналды. Көрсетілетін медициналық қызметтің түрлері, сапасы, жаңа сырқат түрлерінің пайда болуы Сіздерден жоғарғы деңгейдегі білімді талап етеді. Міне, сол себептен, педагогикалық ұжым Сіздердің біздің колледжге бейімделулеріңізді жеңілдету үшін және оқу пәндерін игеру сапасын көтеру мақсатында аталған анықтамалықты құрастырды.

    Нұсқаулықтағы ақпарат Сізге колледжде, оқу үрдісінде, шығармашылық және ғылыми-ізденіс жұмыстарының бағыттарын таңдауда бағдар береді. Оқу жылының басталуымен Сіздерді құттықтауға және кәсіби жаңалықтар мен жаңа оқу жетістіктерге жету үшін таусылмас күш-қуат тілеуге рұқсат етіңіздер!

Ізгі тілекпен,

колледж директоры

Асқаров П.А.

«ТАРАЗ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ» ЖШС

Колледж миссиясы: Білім беру үрдісіне сай бәсекеге қабілетті кәсіби құзыретті маман дайындау.

Көрініс: Бәсекеге қабілетті кәсіби құзыретті маман дайындайтын алдыңғы қатарлы колледждер қатарына ену.

Миссия колледжа: Подготовка профессионально-компетентных и конкурентноспособных специалистов в соответствии с образовательным процессом.

Видение: Войти в число первых конкурентноспособных колледжей в подготовке профессиональных специалистов.

Mission of college: Competitive professional and competent specialist training with the educational process.

Vision: competitive professional and competent specialist training with the educational process. Also penetrate one of the first row colleges in hight categories.

КОЛЛЕДЖ ӘКІМШІЛІГІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Әкімшілік басқару құрамы Аты-жөні Ішкі номер
Директор Асқаров П.А 450034
Қаржы жөніндегі директордың орынбасары Ералиева Б.Б 103
Директордың әдістемелік және оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жексембинова  А.К 116
Директордың тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары Трюмова Д.А 109
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мадомарова А.Ж 110
Кадрлар бөлімінің басшысы Казбекова Д.С 121
Студенттік бөлімнің басшысы Бегділдаева С.Т 119
Бас бухгалтер Ибраимова Н.А 115
Кассир Бектаева Ж.П 122
Бухгалтер Байтореева  Ұ.Е 115
Бухгалтер (мед.центр) Куанбаева М.Ж 115
Хатшы Абдрахманова А.Б 431658
1-ші «Медицицналық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Доскулов О.Н 512042
2-ші «Медициналық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Саурбаев Т.Қ 117
Кешкі медициналық бөлімінің меңгерушісі Аккузова Қ.Б 104
АТО меңгерушісі Шохай А.А
Шаруашылық меңгерушісі Қосанов Д.С
Мұрағат меңгерушісі Кейкиева Г.С
СМК төрайымы Байлиева Ж.К
ЦӘК,ОӘБ жетекшілері
«Жаратылыстану ғылымдары» бөлімінің ЦӘК жетекшісі Бекішова Г.Н 107
«Әлеуметтік-экономикалық пәндер» бөлімінің ОӘБ жетекшісі Қазақбаева З
«Тілдер пед.және психология» бөлімінің ОӘБ жетекшісі Бейсенбекова А.Қ
«Медицина жалпы пәндер» бөлімінің ЦӘК жетекшісі Таттибаева Ж.Б 105
«Медициналық мамандықтар» бөлімінің жетекшісі Жарылкасынова С.К
Оқу бөлімінің меңгерушісі Жамгирбаева М.А 113
Әдіскер Джылысбаева Р.Қ 112
Құқық бұзушылық маманы Нұралиева И.А  110
Психолог Жақсығүлова Ф.Ғ 110
Аға лаборант Музапарова Г.А
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жусанбаев Б.Е
Ден.пунктінің мед.бикесі Жанибекова К 436468
Кітапхана Байбосынова Ж 436411
Күзет Кузбаков О.Ж 124
Жатақхана коменданты Джаманкулова К.Б
PR менеджер Гереньков И

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДЕМАЛЫС БЕРУ ТӘРТІБІ

Академиялық тәртіп – бұл студенттердің оқуын уақытша тоқтататын мерзім.

Академиялық демалыс беру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №506 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Академиялық демалысты рәсімдеу үшін студент құжаттарды ұсына отырып колледж директорының атына өтініш жазады.

Академиялық демалыс келесі негізде беріледі:

  1. Сырқат бойынша 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге амбулаторлық-емхана ұйымындағы дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі;
  2. 36 айға дейінгі мерзімге туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның дәрігерлік-кеңес комиссиясының шешімі;
  3. Әскери қызметке шақыру қағазы;
  4. Баланың дүниеге келуі, асырап алу, 3 жасқа жетпеген кезде.

Академиялық демалыстан шыққан соң студент колледж директорының атына өтініш береді және білім алушының ауруға байланысты академиялық демалыс кезінде осы мамандық бойынша білім алуды жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындысымен науқасқа қараған денсаулық сақтау ұйымынан денсаулығы туралы дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасын ұсынады.

Ұсынылған құжаттардың және директораттың шешімі негізінде 3 жұмыс күн ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы, мамандығы, курсы, тобы көрсетіле отырып бұйрық шығарылады. Колледж директорымен, ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің айырмашылығы, оқу курсы анықталады және студенттердің барлық оқу жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысатын оқу бөлімімен келісе отырып студенттердің жеке оқу жоспарын бекітеді.

Академиялық демалыстан қайтқан кезде студент өзінің оқуын осы демалысты рәсімдеген курстан жалғастырады.

ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

 

«Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің студенттері білім беру қызметтері үшін төлем бойынша барлық қолма-қол төлемдерді екі жақты келісімнің негізінде Тараз қаласы және республикамыздың басқа да аймақтарындағы банктермен, оқу аяқталғанға дейін төлемді растайтын барлық түпнұсқа төлем құжаттарын сақтай отырып төлей алады.

Екі жақты шарттың негізінде білім беру қызметтері үшін төлем толық оқу курсының аяқталуына дейін өзгермейді.

Оқу үшін төлемді жүргізу кестесі

Төлемдер Төлем мерзімі Пайыздық мөлшерлеме
1 Алғашқы төлем 15 қыркүйекке дейін 15
2 Екінші төлем 15 желтоқсанға дейін 35
3 Үшінші төлем 15 сәуірге дейін 20
4 Соңғы төлем 15 мамырға дейін 30

 

Колледж реквизиттері

РНН 211500216037

БИН 031140001059

ИИК KZ 12914142203 KZ 00054 КБЕ 17

           SABRKZKA

БИК ДБ АО «Сбербанк»

Студенттер бөлмесі оқу корпусы ғимаратының 2 қабатында орналасқан (№ 204  каб.), жұмыс уақыты сағат 8.30 – ден – 18.00 – ге дейін.

«Тараз-Болашақ» колледжі

СТУДЕНТІНІҢ СЫРТ БЕЙНЕ СТАНДАРТЫ

 

 «Тараз-Болашақ» медициналық колледжі студентінің киім стандарты медициналық халат болып табылады. Медициналық халат таза және үтіктелген болу керек, өзіне шағын, ұзындығы тізеден 10 сантиметр ғана жоғары және тізеден көп түспеу керек. Халаттың түймесі салыну керек. Сонымен қатар студенттің күнделікті киімін толығымен жабатын, жай түсті хирургиялық костюмдер рұқсат етіледі. Студентте оқу тобы, тегі, аты, әкесінің аты жазылған бейджигі болуы керек. Студенттер өздерінің жеке гигиеналық тәртіп ережесін сақтауға жақсы қарау керек. Студенттердің беті, қолы және шаштары таза және ұқыпты болуы керек. Қыз балаларға шаштарын шайып жіберіп колледжге келуге тыйым салынады. Студенттердің тырнақтары таза және қысқа алынған. Қыз балаларға тырнақтарын түссіз немесе ашық түсті бояумен бояуға болады. Студенттерге иісі жеңіл парфюмерия құралдары және дезодаранттамен қолдануға рұқсат етіледі. Макияждары жеңіл және табиғи түріне жақын болуы керек. Студенттерге

 колледжге жасанды тырнақ және жасанды кірпік қолдануға болмайды, сонымен қатар пирсинг және татуировканы көрінетін дене жеріне салуға тыйым салынады.

Студенттің күнделікті киімі таза және үтіктелген болу керек. Қыз балаларға колледжде қысқа юбка, қысқа шалбар және алды ашық блузка, киюге тыйым салынады. Ер балаларға колледжге қысқа шалбармен, спортқа арналған шалбарлармен және сланцымен келуге болмайды. Студенттің аяқ киімі күндік бойы таза болуы керек. Студенттерге тұмар, крест, хиджаб және т.б., діни белгілерімен ашық түрде жүруге болмайды. Зергерлік бұйымдардан неке сақинасы мен шағын сырға ғана рұқсат етіледі. Бұл стандартқа сәйкес келмейтін студенттің сабаққа жіберілмеуі және студентке дисциплинарлы сөгіс пен алдын алу сипатты шаралар қолданылады. Диплом алдындағы және оқу-өндіріс жетекшілері студенттің сырт келбетіне талап қоя алады және олар сөзсіз орындалуы керек.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

Сабақтан тыс уақытта және демалыс мезгілінде баланың тәртібі мен тәрбиесіне ата-ана жауапты. Егер студент тарапынан Әкімшілік құқық немесе басқа жағдай орын алса, ата-ана топ жетекшісін, колледж әкімшілігін хабардар етулері тиіс.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабы бойынша:

  1. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамауы, ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440  бабы бойынша:

  1. Жергілікті атқарушы орган спирт ішімдіктерін құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде, стадиондарда, гүлзарларда, саябақтарда, қоғамдық көлікте және басқа да қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей мас күйінде келу. (2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
    • Жасы 18-ге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі (ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, спирт ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде қайталап екі рет әкімшілік жаза қолданылған адамның жасаған іс-әрекеттері, айлық есептік көрсеткіштің екіден беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, ал ерекше жағдайларда, егер істің мән-жайына орай және тәртіп бұзушының жеке басы ескеріле отырып, бұл шаралар жеткіліксіз деп танылса, он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға әкеп соғады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 441 бабы бойынша:

  1. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салуды бұзған тұлғаларға 1-айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
  2. 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сол сияқты оларды спирт ішімдіктерін ішуі, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабы бойынша:

  1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта сағ.22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы ата-анасын әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

2.Заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын-жайдан тыс жерлерде сағ.23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін болуы ата-аналарын әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Медициналық пункт оқу корпусы ғимаратының

1 қабатында орна-

ласқан (№ 116  каб.),

жұмыс уақыты сағат

8.30 – ден – 18.00 – ге

дейін.

Студенттік буфет онда дәмді тағам түрлері және қол

жетімді бағалар.

Жұмыс уақыты:

дүйсенбі  –    сенбі

күндері, сағат 9.00-

ден -18.00 – ге дейін.

 

Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Құрметті студент, Сіз дұрыс таңдау жасадыңыз. Біз сізге оқу үрдісі

барысында сенімді серік боламыз.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

                «Тараз-Болашақ» медициналық колледжіндегі оқу үрдісі кәсіби дайындықтың, оқу курсының және пәндердің қабылданған оқу бағдарламаларын іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.

Колледжде жүзеге асырылатын әрбір оқу бағдарламасы бойынша оқытудың тәртібі мен реттіліктердің ұзақтылығы, педагогикалық кеңеспен бекітілген және колледж директоры қол қойған, оқу жоспарларымен, оқу үрдісінің және сабақтардың кестелерімен айқындалады.

                Колледжде, оқу үшін 25-30 адамдық топтар құралады. Топтың өмірлік белсенділігін ұйымдастыру үшін колледж директорының бұйрығымен топ кураторлары тағайындалады.

Колледждегі оқу үрдісі 1 қыркүйекте басталып, 5шілдеден кешікпей аяқталады. Оқу жылындағы демалыс ұзақтылығы кемінде 8 аптаны құрайды.

Студенттердің оқу жылы 2 семестрге бөлінген: әрқайсысы сынақ-емтихан сессиясымен аяқталатын күзгі және көктемгі.

Оқу жоспары ОӘК-ға сәйкес келетін пәндер циклдерінен тұрады:

«Жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘК

«Ақпараттық коммуникативтік пәндер ОӘБ

«Арнайы пәндер» ЦӘК

«Жаратылыстану ғылымдары» ЦӘК

«Тілдер, БӘД және дене тәрбиесі» ОӘБ

«Әлеуметтік-экономикалық пәндер» ОӘБ

 Колледждегі оқу аптасы 6 күндік оқуды құрайды, қабылданған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру колледж күн тәртібімен, сабақ кестесімен ережеленеді.

АУЫСТЫРУ, ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

 

Ауыстыру, қайта қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1.Студенттер бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа оқу жоспарындағы академиялық айырмашылықты тапсыра отырып (егерде қажет болса), жазғы және қысқы демалыс кезеңінде ауыса алады. Ауысу колледж директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

        

        Басқа колледжге ауысқысы келетін студенттер, өзі оқып жүрген колледждің директорына ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді және де ауыстыруға жазбаша келісім алып, өзі қызыққан колледждің басшысына жүгінеді.

        Кәмелет жасқа толмаған студенттердің ата-анасының немесе заңды өкілінің басқа тұрғылықты жерге көшуі кезінде, оның басқа оқу орнына оқу жылының кезінде ата-анасының немесе заңды өкілінің жауапкершілігімен растау құжаттарын ұсынған жағдайда ауысуға болады.

II.Колледжде бұрын оқыған тұлғалар бұрынғы колледжіне немесе басқа оқу орнына қайта қабылдана алады. Қайта қабылдаудың міндетті шарты болып студенттердің бір семестрді аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы сұрақ оның жеке өтінішінің негізінде қарастырылады.

      Білім алушының қайта қабылдануына оқу семестрі аяқталған соң рұқсат етіледі:

  1. оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылданады, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны оқуға қайта қабылдайды.
  2. Курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда.
  3. Оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат етіледі.
  4. Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Оқуға қайта қабылдану үшін бұрын білім алған білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп, білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда өтініш береді, бұл ретте қайта қабылдау туралы өтінішке анықтама қоса беріледі.Ұсынылған анықтама негізінде білім беру ұйымы басшысы курсты және пәндердің айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті берілген уақыттан бастап екі апталық мерзімде қарастырады.

ТӘЖІРИБЕЛІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

            Мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыздандыру үшін студенттің кәсіби тәжірибесін өткізу орта медициналық білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының міндетті талабы және колледждің оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

            Колледж студенттерін тәжірибелік оқыту, оларды болашақ еңбек қызметіне баули отырып, таңдаған мамандықтары бойынша қажетті тәжірибелік дағдылары мен білімдерін теориялық оқу барысында алынған білімді тереңдету мақсатында жүргізіледі.

Кәсіби тәжірибені жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін келесіні қамтамасыздандыру керек:

*Негізгі еңбек функцияларын орындау бойынша мамандарды даярлаудың толықтығы.

*Теориялық оқытудың тәжірибемен байланысы.

*Оқыту дағдыларын қалыптастырудағы дәйектілік, дағдылармен олардың күрделілігіне байланысты тәжірибенің бір түрінен екіншісіне көшуі.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Әлеуметтік-психологиялық орталық

Біздің колледжде әлеуметтік-психологиялық қызметі жұмыс жасайды.Әлеуметтік-психологиялық қызметі өз жұмысын студенттердің психикалық және жеке бас дамуы үшін ең қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету, колледж ұжымында қолайлы психологиялық климатты қолғабыс ету, оқу процесінің барлық субъектілеріне кешенді психологиялық көмек көрсету мақсатында өз жұмысын атқарады. 

Педагог-психологтың жұмыс мақсаттары: 

– оқу процесінде студенттерге психологиялық-педагогикалық жәрдемдесу, студенттердің психологиялық қорғанысын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие, әлеуметтік бейімделген түлекті қалыптастыру;

 – әрбір субъекттің жеке бас әлеуетін барынша ашуға бағытталған, колледждегі оқу процессінің сапасын арттыруға жағдай жасалған әлеуметтік-психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

Жұмыс формасы:

– студенттермен топтық жұмыс жасау;

 -студенттермен жеке жұмыс жасау;

– топтар жетекшісімен жұмыс жасау;

 -ата-анамен жұмыс жасау (ата-аналар жиналысын қосқанда)

Жұмыс тәсілдері: 

-сауалнама

-психологиялық-педагогикалық бақылау;

-тестілеу;

-әлеуметтік-психологиялық тренинг;

-психологиялық ойындар мен жаттығулар;

-сұхбат.

Педагог-психологқа келесі сұрақтармен жолығуға болады:

-Оқудағы қиындықтар.

-Топтағы өзара қарым-қатынас.

-Ата-анамен өзара қарым-қатынас.

-Өмір жолын таңдау.

-Өзін-өзі басқару және даму.

Психолог – әр түрлі қасиеттерді, машықтарды дамыту технологиясын меңгерген және сол технологиямен сіздермен сүйсініп бөлісетін адам.

Колледж фойесінде және жатақханада сенім жәшігі орналасқан

Сенім телефонының нөмірі: 450034

   

КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

                Кітапхана – студенттер мен оқытушылардың әдебиеттік зерттеулер жүргізуі үшін керемет орын. Колледж кітапханасында білімнің барлық саласына сәйкес ғылыми, оқу, анықтамалық әдебиеттер, нормативтік құжаттар, баспасөз басылымдары, видеофильмдер CD-ROM оқулықтары бар.

  • Кітапханаға оқырмандардың тіркелуістуденттік билетін көрсету арқылы іске асады.
  • Оқырмандар басылымдарды жоғалтқан және бүлдірген жағдайда кітапхана қызметкері тұрғысынан балама болып саналған дәл сол тақырыптағы кітаппен ауыстырылады, ал ауыстырылмаған жағдайда нақта нарықтық бағадан 3-есе бағада арнайы құжаттар арқылы төлейді.
  • Оқулықтарды алу оқырман билеттері арқылы формулярға тіркелу негізінде жүзеге асады.
  • Оқу залында алған оқулықтарын оқырмандар сағат 17.00-ге дейін өткізуі тиіс.
  • Оқулықтарды сызуға, жыртуға рұқсат етілмейді.
  • Медициналық және өзге де журналдар оқу залында ғана беріледі.
  • Кітапханаға сырт киіммен кіруге рұқсат етілмейді.
  • Оқу залына тамақ әкелуге тыйым салынған.
  • Кітапханада оқырмандар тыныштық сақтаулары қажет.

                                                                Кітапхананың жұмыс кестесі:

                                                                Күн сайын – 9.00-ден 19.00-ге дейін

                                                                Сенбі – 9.00-ден 15.00-ге дейін

                                                                Жексенбі – демалыс

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

                Медициналық пунктің маңызды іс-шараларының бірі оқытушылардың, қызметкерлер мен студенттердің  денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады.

Колледж студенттерінің арасында профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу

  • Санитарлық-гигиеналық жағдайға және барлық үй-жайлар мен жабдықтардың аумағын таза ұстауға, студенттер мен қызметкерлердің жеке гигиеналық ережелерін сақтауға тұрақты медициналық бақылауды жүзеге асыру.
  • Студенттерге профилактикалық, диагностикалық, емдік және сауықтыру, түзету көмегін көрсету.

Медициналық кабинеттің жұмыс кестесі

Апта күндері Жұмыс уақыты
1 Дүйсенбі 9.00-18.00
2 Сейсенбі 9.00-18.00
3 Сәрсенбі 9.00-18.00
4 Бейсенбі 9.00-18.00
5 Жұма 9.00-18.00
6 Сенбі 9.00-18.00

Біздің студенттік өміріміз

                 «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінде Студенттік Кеңес жұмыс істейді, кез-келген студент белсендік танытып осы кеңеске кіруге құқығы бар және кеңес мүшесі бола алады.

                Студенттік кеңес колледж студенттерінің қоғамдық бірлестігі болып табылады, ол колледж студенттерінің бастамасымен құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын, коммерциялық емес, студенттер қалауының бастамасы. Студенттер кеңесінің барлық шешімдері «Тараз-Болашақ» медициналық   колледждінің студенттері үшін міндетті болып табылады.

 

СТУДЕНТТІК КЕҢЕСТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Студенттік кеңес Президенті көпшіліктің дауыс беруі арқылы, екі жылда бір рет сайланады. Колледж Президентін ресми түрде ұлықтау рәсімі ұлттық мерекелерге немесе атаулы күндерге байланысты өткізіледі. Колледж студенттерге кәсіби жарыстарға, түрлі тақырыптағы тәрбие сағаттарына, қызықты қойылымдарға, әр түрлі кездесулерге, дөңгелек үстел, дебаттарға, мерекелік концерттерге қатысуға оңтайлы мүмкіндік жасалынған.

«Тараз-Болашақ» колледж студенттерінің студенттік өмірі – әсерлі ұмытылмас сәттер, сүйікті оқытушылармен өткен қызықты сабақтар. Колледжде студенттерге кәсіби жарыстарға, түрлі тақырыптардағы тәрбие сағаттарына, қызықты қойылымдарға, әртүрлі кездесулерге, дөңгелек үстел, дебаттарға, мерекелік концерттерге қатысуға оңтайлы мүмкіндік жасалынған.

  1. Оқу сабақтарын ұйымдастыру:

*оқу-тәрбие үрдісі қалыпты жағдайда аптасына 36-54 сағат құрайды;

*сабақтың басталу және аяқталу уақыты төмендегідей:

         Бірінші ауысым: 8.00-13.05

         Екінші ауысым: 13.15-18.15

Теориялық оқу сағатының ұзақтығы 90 минут, тәжірибелік сабақтар үшін 180 минут, сабақтар арасында 5-10 минуттық үзіліс, сабақтың басталуы мен аяқталуы қоңырау арқылы хабарландырылады.

Барлық аудиториядан тыс сабақтарға академиялық сағат 45 минут белгіленген.

  1. Колледж ішінде тыйым салынады:

*шылым шегуге және спирттік ішімдіктерді, есірткі және психотропты дәрілерді қолдануға.

*сырт киім және бас киіммен жүруге.

*колледж қабырғасында дауыстап сөйлесуге және шулауға.

*колледж мүлкін, зертханалық құрал-жабдықтарды оқу кабинеттерінен және де колледж аумағынан тыс жерге шығармау.

*адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды колледж аумағына тыс жерге шығармау.

*адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттарды колледж аумағына алып келуге.

*ұялы байланыс және өзге де электронды құрылғыларды сабақ кезінде оқытушының рұқсатынсыз қолдануға.

*оқытушының рұқсатынсыз бейне түсіру және аудиожазу жүргізу.

«ТАРАЗ-БОЛАШАҚ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ГИМНІ

Авторы: ЕМС-21-16 топ студенті Әмре Жалғас

  

  1. Ақ халатты абзал жандар,

Көмек берер баршамызға

Болашақ дәрегер,

Колледждің сәніде

Биікке самғаймыз білімменен.

Қайырмасы:

Колледжім өзіме қандай ыстық

Гиппократ ұстазбен біз таныстық

Әнұран шырқаймыз колледжге

Әніміз самғасын көк аспанға

Асу белдер менен қыраттарға

Ант қабылдаймыз біз бәріміз.

 

Қызғылт-сары колледжім менің

Талайлардың арманы едің

Білімгерлер көбейіп,

Орындалар арманға жетейік

Қайырмасы:

Колледжім өзіме қандай ыстық

Гиппократ ұстазбен біз таныстық

Әнұран шырқаймыз колледжге

Әніміз самғасын көк аспанға

Асу белдер менен қыраттарға

Ант қабылдаймыз біз бәріміз.